Түркістанда Шерхан Мұртазаның қайтыс болуына байланысты ретро-фестиваль өтпей қалды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның қайтыс болуына байланысты Түркістанда бүгін өтуі тиіс ретро-фестивалі кейінге қалдырылды. Ұлт қайраткерінің қазасына байланысты аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістанда Шерхан Мұртазаның қайтыс болуына байланысты  ретро-фестиваль өтпей қалды

Айта кетейік,  жыл сайын ұйымдастырылатын «Арыс жағасында» ретро-фестивалі биыл алғаш рет Түркістан облысының орталығында өтуі тиіс болатын. Өнер мерекесіне еліміздің әр өңірінен белгілі өнер жұлдыздары мен ұжымдары, түсірілім топтары да келген.

Өз кезегінде облыс әкімдігі Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтардан, өнерпаздардан түсіністік танытуларын сұранады. Ретро-фестивальдің қашан өтетіні алдағы күндері  хабарланатын болды.