Түркістанда таракан шыққан ауруханаға тексеру жүргізіледі

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат-Түркістандағы ғимарат ішінен таракан шыққан ауруханаға тексеру жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістанда таракан шыққан ауруханаға тексеру жүргізіледі

Еліміздің бас дәрігерімен өткен брифинг барысында журналистер тарапынан Түркістан қаласындағы ауруханада санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың сақталмайтындығы туралы сұрақ қойылды. Тіпті, кей аурухана ішінде таракан жүретіні айтылды.

«Асхана жоқ, ыстық», деген желі белсендісі масаға таланғанын жеткізді.

Бұл сұраққа жауап берген Ажар Ғиният бас санитар дәрігерге аталған ауруханаға тексеру жүргізу керектігін айтып, тапсырма берді.

«Бүгінге дейін Түркістан аудан орталығы болды. Ғимраттардың базасы нашар екені белгілі. Сондықтар Түркістанда жаңадан көп бейінді ауруханалардың салынуы жоспарланып отыр», - деді министр.