Түркістанда тәулік бойы жұмыс істейтін Call–орталық ашылды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат –Түркістан облысында елде жарияланған Төтенше жағдай кезінде тұрғындардың сауалдарыңызға шұғыл жауап беру үшін арнайы Call–орталық ашылған. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Орталық төтенше жағдайда туындаған сауалдарға жауап беретін болады.
Арнайы іске қосылған Call – орталық 109 нөмірі арқылы тәулік бойы 24/7 форматта қоңыраулар қабылдайтын болады.