Түркістанда төтенше жағдай қызметкерлері жаңа көлікке ие болды
Облыс орталығының «Есімхан» алаңында ұйымдастырылған шарада аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметіне 20 көліктің кілтін табыстап, еліміздің басты мейрамымен құттықтады.
«Өз өмірлеріңізді қауіпке төндіре отырып, азаматтарымыздың қауіпсіздігін бірінші орынға қойған қиын кәсіптеріңізде Сіздерге де құрметіміз айрықша. Бүгінгі Өздеріңізге табысталып отырған техникалар тұрғындарды айтып келмейтін төтенше жағдайлардан сақтап қалуға сеп болса, біздің мақсатымыздың орындалғаны деп білемін», - деді Жансейіт Түймебаев.
Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістандағы өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде 139 бірлік өрт сөндіру техникасы бар. Оның 96-сы негізгі өрт сөндіру автокөлігі, 75-і соңғы 20 жылдан астам уақыттан бері пайдаланылып келеді. Ал бекітілген нормаларға сәйкес, 78 - негізгі, 51 - арнайы және 140 - көмекші автокөліктер болуы тиіс.