Түркістанда тұңғыш рет қазақ күресінен «Тұран Барысы» Азия Кубогы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат - 29 қазанда Түркістан қаласында тұңғыш рет қазақ күресінен «Тұран Барысы» Азия Кубогы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістанда тұңғыш рет қазақ күресінен «Тұран Барысы» Азия Кубогы өтеді

Ұлттық спортты дамыту мақсатында өтетін дәстүрлі турнирге Түркі мемлекеттері ұйымының мүшелері – Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан балуандары қатысады.

Кубок «командалық бетпе-бет» олимпиадалық жүйесі бойынша өтеді.

Балуандар 55, 60, 66, 74, 82, 90 келіге дейін және 90 келіден ауыр салмақ арасында белдесетін болады.

«Тікелей эфирді Qazsport пен TRT Avaz телеарналарынан көре аласыздар»,-делінген хабарламада.