Түркістанда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Түркістан қаласында 31 наурызда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (ТМЫК, Түркі кеңесі) бейресми саммиті өтеді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

ТМЫК-қа мүше барлық мемлекеттің басшылары мен осы ұйымға бақылаушы болып табылатын Венгрияның премьер-министрі ф орумға қатысатынын растады.

Саммит қорытындысы бойынша Түркістанды Түркі әлемінің рухани астанасы деп жариялайтын Декларацияға қол қойылады деп күтілуде.
Соңғы жаңалықтар