Түркістанда «Ұлт көшбасшысы – ел мақтанышы» атты әдеби кеш өтті
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласындағы Н.Төреқұлов музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Менің Елбасым» және «Ұлт көшбасшысы – ел мақтанышы» атты мәдени әдеби сазды кеш өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұлт көшбасшысын ұлықтап, бастаған игі істерін қолдау мақсатында ұйымдастырылған басқосуда Тұңғыг Президенттің мерейін асқақталды. Ел еңсесін тіктеген кезден бастап мемлекетіміздің дамуына сүбелі үлес қосқан Елбасын әлем мойындағаны, Қазақстанның жаһанға аты жеткен мемлекетке айналғаны сөз болды. Кеш барысында Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбет, Нәзір Төреқұлов музейінің директоры Бақытжан Жорабек сөз сөйлеп, мұндай шараларды жиі ұйымдастыру керек екендігін тілге тиек етті. Айтулы мерекеде Балалар мен жасөспірімдер орталығының оқушылары Елбасыға арналған арнау өлеңдерін жатқа оқыды. Алдағы уақытта бұл шара «Ұлт көшбасшысы – Ел мақтанышы», «Елбасының ерен еңбектері», «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы», «Елбасы жолы – Астана», «Менің Елбасым» сынды апталық кештермен жалғасын табатын болды.

