Түркістанда ұлттық сананы жаңғырту тақырыбында республикалық конференция өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістан шаһарындағы «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи қорық-музейінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында республикалық конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.    
None
None

Көптеген тарихшылар мен ғалымдардың басын қосқан жиынды  аталған мұражай қызметкерлері мен  Түркістан қалалық мәслихатымен бірлесе ұйымдастырды. Конференция жұмысына ҚР Ардагерлер ұйымы Орталық Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев, белгілі ақын, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Құрмет» орденінің иегері Қасымхан Бегманов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Бейсен Нұрзада, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің проректоры, профессор Ержан Әмірбекұлы, ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаменті тәрбие жұмысы жөніндегі білім беру басқармасының басшысы Бағымкүл Көптілеуова мен бірқатар ғалымдар, Түркістан қалалық мәслихат депутаттары мен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы,  жоғары оқу орындарының студенттері мен БАҚ өкілдері және музей қызметкерлері қатысты.

Атаулы конференцияда жиналғандар Елбасының мақаласындағы басымдықтарға тоқтала келе, соның ішінде ұлттық сананы дамыту мен жаңғырту, латын алфавитіне көшу, "Туған жер"  бағдарламасын жүзеге асыру сынды көптеген мәселелер ой талқыға салынды.

«Бұл  тарихи маңызы бар мақала - барлық аймақтың ажарын ашып, жас ұрпақтың бойына патриоттық тәрбие сіңіретін игі бастама» - деді жиын модераторы ҚР Ардагерлер ұйымы Орталық Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев.

Келелі отырыс барысында көптеген пікірлер білдіріліп, жастар да өзіндік ойларын ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар