Түркістанда ұсақ малдан бруцеллез табылып, екі ауылға шектеу енгізілді

«Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылдық округі Қаржан елді мекені Ө.Тілеубаев кошесі №1-17 үйлерінің аумағында ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін», - деп көрсетілген аталған ауылдық округ әкімінің шешімінде.
Сонымен қатар, Қазығұрт ауданына қарасты Қызылата ауылында да шектеу жарияланды.
«Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Сабыр Рақымов ауылдық округі Қызылата ауылы Ә.Дәулетұлы көшесіндегі № 94, 95, 98, 101, 104, 106, 110, 111 үйлерінің аумағына мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін», - делінген ашық талқыға шағарылған ауылдық округ басшысының шешімінде.
Еске салай кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы Надежка ауылында ірі қарадан бруцеллез анықталып, елді мекен карантинге жабылған еді.
Сондай-ақ, биылғы жылдың басынан бері Қостанай облысында 8 адам бруцеллез ауруын жұқтырды.