Түркістанда үйінің ауласында «Беташар» жасаған тұрғынға айыппұл салынбақ

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында үйінің ауласында той жасаған тұрғын анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістанда үйінің ауласында «Беташар»  жасаған тұрғынға айыппұл салынбақ

Бүгінгі таңда карантин талаптарын сақтамай, шектеу шараларын елемейтіндер қатары азаяр емес. Жақындары мен туыстарының басын қосып, көпшілікке той беріп, жиын жасап жатқандар әлі де анықталуда.

Мәселен, Мақтаарал АПБ-нің поолицейлері карантин талаптарын өрескел бұзған жергілікті тұрғынды анықтады. Ол өз үйінің ауласында 50-ге жуық туыстарының басын қауіп-қатерге тігіп, «Беташар» тойын өткізген. Тәртіп сақшылары аталған жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» тіркеуге алып, іс-құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау үшін тиісті мекемеге жолдады.