Түркістанда волейболдан облыстық чемпионат өтті
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістандағы Балуан Шолақ спорт кешенінде волейболдан облыстық чемпионат өтті. Тартысты өткен бәсекеге өңірдің барлық аудан-қалаларынан командалар жиналып, бақтарын сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жасөспірім ұлдар арасында өткен жарыс бұл жолы Жеңістің 75 жылдығына арналды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған сайысқа жалпы саны 21 командақұрамында 300-ге жуық спортшы қатысты. Байрақты бәсекенің ашылу салтанатына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев арнайы қатысып, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.


Сонымен қатар, бұл жарыс бұқаралық спортты өңірде дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастарды нашақорлықтан қорғау мақсатында ұйымдастырылғанын атап өтті. Чемпионатта спортшылар екі жас ерекшеліктері бойынша бақтарын сынап, өзара жеңімпаздарды анықтады.


