Түркістанда заңдастыруға келген шетелдік көліктер ішінде Nexia маркасы көп тіркеліп жатыр

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысында ресейлік нөмір таққан Nexia маркалы көліктер көп тіркеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шетелдік көліктерді заңдастыру шарасы басталған алғашқы күні Түркістан облысындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына 150-ге жуық азамат өтініш берген.

Әзірге 5 азамат көлігін тексеруден өткізіп, құжат алды.

Алғашқы болып көлігін тіркеген азаматтың бірі - Түркістан қаласының тұрғыны Оңғар Әлиев.

Ол 1,5 жыл алдын Ресейден әкелген Nexia маркалы автокөлігін небары 2 сағат ішінде толық тексеруден өткізіп, қазақстандық нөмір алды.

Көлік жүргізушісі Мемлекет басшысының осындай қолайлы жағдай жасағанына, халықты қолдағанына алғысын жеткізді.

Айта кетейік, Түркістан облысында шетелдік көліктерді заңдастыру 5 жерде жүргізіліп жатыр.

Атап айтар болсақ, Түркістан қаласында және Мақтаарал, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш аудандарындағы мамандандырылған ХҚО-да өтініштер қабылданады.


Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі


Соңғы жаңалықтар