Түркістанда жасөспірімнің ісі «Виртуалды сот» жобасымен қаралды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жасөспірімнің ісі «Виртуалды сот» жобасымен қаралды. Оқушыға қатысты құқық бұзушылық туралы іс өңірде алғаш рет пилоттық жобасы аясында бейнебайланыс арқылы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістанда жасөспірімнің ісі «Виртуалды сот» жобасымен қаралды

Жасөспірімге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132-бабының 1-бөлігімен іс қозғалған болатын. Жас құқық бұзушы сот отырысына Ордабасы ауданының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы мен өзінің  смартфонына орнатылған TrueConf қосымшасы арқылы тікелей қосылды.

Сот қызметкерлерінің айтуынша, әкімшілік материал бойынша Сот процестерін «виртуалды» өткізу сот төрелігін жүзеге асырудағы аумақтық кедергілерді жойып, уақыт және материалдық ресурстарды үнемдейді. Сот төрелігіне барынша объективті қарауды қамтамасыз етеді.