Түркістанда «Жастар - рухани жаңғырудың жаршысы» атты жастар форумы өтті
Алқалы жиында сөз алғандар жергілікті жастардың мүмкіндіктері мен белсенділіктерін ерекше атап өтті. Бұл ретте қала басшысы Әліпбек Өсербаев Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген тапсырмаларын жүзеге асыруға жас толқын белсенді түрде атсалысуы керектігін тілге тиек етті. Мақалаға сай рухани құндылықтар мен отбасы тәрбиесі, салт-сананы жаңғырту жақтары да жиында кеңінен сөз болды. Жастар кері діни ағымдардың жетегіне ермей, кертартпа, қараңғы әдеттерге ермегені дұрыс,- деді Әліпбек Өсербаев.
Шаһар басшысының сөзінше, Түркістанда 70 мыңға жуық жас бар. Олардың ішінде 14 пен 29 жас аралығындағылары қала тұрғындарының 30 пайызын құрайды.
Сондай-ақ форумда жастар ұйымдарының өкілдері Мемлекет басшысы мақаласының маңызды бағыттарын талқылады. Жиын соңында өз биігін бағындырып, талайға үлгі болған бірқатар жас қала билігінің құрмет-қошеметіне бөленді.