Түркістанда «жасыл белдеу» аумағы 13500 гектарға жетті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласының айналасын көгалдандыру мақсатында іске асып жатқан «Жасыл белдеу» жобасының жалпы аумағы 2 есе ұлғайып, 13 500 гектарға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, жыл соңына дейін жасыл аумақ көлемін 20 000 гектарға жеткізу жоспарлануда.

Түркістанның табиғи тынысына айналған ауқымды шара туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалымен өткен апталық аппарат отырысында Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Әбдуалиев мәлімдеді.

Облыс әкімінің бастамасымен шаһарды жасыл желекке бөлеп, климатын өзгерту үшін 2019-2022 жылдары Түркістан қаласының айналасынан 7700 га жерге «Жасыл белдеу» құру жоспарланып, бүгінгі таңда бұл жұмыстар мерзімінен бұрын толығымен орындалды.

«Өткен жылы «Казатомпром» акционерлік қоғамының қолдауымен 5800 гектар жерге сексеуіл ағашы егілді. Оның ішінде 3300 га жерге көшет отырғызылып, 2500 га жерге ұрық себілді. Түркістан қаласындағы халықаралық аэропорт жолының бойы 252 га жер телімі толықтай тамшылатып суару жүйесіне қосылды»,-деді басқарма басшысы өз баяндамасында.

Жиналыста өңірдің санитарлық эпидемиологиялық жағдайы талқыланды.

Қазіргі уақытта Түркістан облысы коронавирус көрсеткіші бойынша ҚР бойынша «жасыл» аймақта орналасқан. Осы күнге дейін 44 мыңнан астам түркістандық ерікті түрде вакцина салдырды. Түркістан облысына отандық «QazVac» вакцинасының 2000 дозасы жеткізілді. Жоспарға сәйкес жыл соңна дейін 200 мыңға жуық «Спутник-V» және «QazVac» отандық вакцинамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Жалпы 660 мың адам ПТР тест тапсырған.


Соңғы жаңалықтар