Түркістанда жеке үйде төрт бала мен бір ересек адамның жансыз денесі табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы жеке тұрғын үйде 5 адамның жансыз денесі табылды, оның төртеуі кәметлекетке толмаған. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талған Уәли мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістанда жеке үйде төрт бала мен бір ересек адамның жансыз денесі табылды

«2021 жылғы 27 ақпанда сағат 18:35-те Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне «103» қызметінен Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйде көршілері 5 адамның, оның ішінде 4 кәмелеттік жасқа толмаған баланың мәйітін тауып алғаны туралы хабарлама түсті. Үй ішінде өрт болғаны байқалмайды. Үйде табиғи газбен жылыту жабдығы орнатылған», - деп нақтылады Талғат Уәли.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

«ТЖД (6 қызметкер, 2 бірлік техника), ПД ( қызметкер, 4 бірлік техника), жедел-жәрдем бригадасы (3 маман, 1 бірлік техника), «КазТрансГаз» АҚ (3 маман, 1 бірлік техника) мамандары оқиға орнына барды. ТЖМ газ құралдарын пайдалану кезінде қарапайым қағидаларды сақтауға шақырады», - деді ресми өкіл.