Түркістанда жекеменшік тұрғын үйде болған өртте 3 жасар бала шетінеді - ТЖД

АСТАНА. Шілденің 26-сы. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында жекеменшік тұрғын үйде болған өртте 3 жасар бала шетінеді.

Түркістанда жекеменшік тұрғын үйде болған өртте 3 жасар бала шетінеді - ТЖД

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, жексенбі, шілденің 25-і күні түскі сағат 2 шамасында, Шымкент көшесінде орналасқан жекеменшік үйдің шаруашылық нысанынан өрт шығып, ол 60 шаршы метр аумаққа жайылған. Құтқарушылар отты сөндіру барысында 2007 жылы туған ер баланың мәйітін тапты.

Тілсіз жау Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 15 адамы мен 2 техникасының күшімен бір сағаттан кейін ауыздықталды.