Түркістанда жезөкшелер арқылы табыс тауып жүрген «жеңгетай» ұсталды

Қала прокурорының сөзінше, ұсталған сезікті әйелдің үстінен Қылмыстық кодекстің 309 бабы, «Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» әрекеті бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Айта кетейік, Түркістанда бұған дейін де жезөкшелердің «ордасы» табылған болатын. Руслан Әбдірайымов ұсталған жеңгетайлардың базбірі сотталғанын айтады.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 309 бабы, 1 бөлігі бойынша бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды дегендер қателеседі. Түркістан қалалық сотының 15 тамыз 2017 жылғы үкімімен 1973 жылы туған «Г» деген азаматша осы баппен түпкілікті 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, сот залынан қамауға алынды. Тағайындалған жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтейтін болып белгіленді»,-деді Түркістан қаласының прокуроры.