Түркістанда жоғалған 11 жастағы қызды іздеуге құтқарушылар қызметі жұмылдырылды

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістанда жоғалған 11 жастағы қызды іздеуге құтқарушылар қызметі жұмылдырылды. Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде құтқарушылар Арыс-Түркістан каналында іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Су ішінде жүріп, әрбір жыра мен жылғаны қарап шығуда. Сондай-ақ, көпірлердің асты мен су түбінде мұқият тексеруде.

«Түркістан облысының құтқарушылары 5 сынып оқушысын іздестіру жұмыстарына кірісті. Бұл жұмыстарға 40 жеке құрам мен жедел құтқару жасағынан 5 адам, 2 қайық жұмылдырылды»-делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, бүгін Түркістан облысының полиция департаменті Түркістанда жоғалып кеткен 11 жасар қыздың каналға құлап кетуі мүмкін екендігін айтып, ақпарат таратқан болатын. Онда Құрбысымен бірге каналға барған Інжу абайсызда каналға құлап кетіп, шыға алмай қалғанын анықтаған.


Соңғы жаңалықтар