Түркістанда жылқышы көкпарға қатысатын тұлпарды ұрлап кеткен

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Көкпарға қатысатын тұлпарды ұрлап кеткен жылқышы оны саудаға шығарған жерінен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None

Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданады. Айтуынша, оның Ақбастау ауылы маңында орналасқан қорасынан көкпарға қатысатын айғыры ұрланған. Сонымен қатар, жылқышысы да ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Жәбірленуші жүйрік аттың бағасы базар нарқымен 20 000 000 теңге екенін көрсетеді.

Полицейлер келесі күні таңертең жоғалған жылқыны Түлкібас ауданындағы мал базарында сатылып тұрған жерінен табады. Анықталғандай, жылқышы жігіт малды сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жұмсамақ болған. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Соңғы жаңалықтар