Түркістандағы 12 ауылдық округ Кентау қаласының аумағына өтеді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістандағы 12 ауылдық округ Кентау қаласының аумағына өтетін болды. Мұндай шешім бүгін Түркістан облысында өткен облыстық мәслихат сессиясында қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістандағы 12 ауылдық округ Кентау қаласының аумағына өтеді

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХVІІІ сессиясында мәлім болғандай, Түркістан қаласындағы 721 мың гектар аумақ жер, яғни, 12 ауылдық округ Кентау қаласының аумағына өтетін болды. Мұндай ұсынысты мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады.

Күн тәртібіндегі қаралған бірінші мәселе жайлы ойын білдірген өңір басшысы Жансейіт Түймебаев барша облыс жұртшылығын қос шаһардың дамып, өркендеуіне бір кісідей атсалысуға шақырды. 
null 

«Түркістан қаласы облыс орталығына айналуына орай, Кентау қаласының шекарасы өзгеретін болды. Мұндай шешім екі қаланың тиісті деңгейде дамуы үшін жасалып, барлық мемлекеттік органдармен мақұлданды. Сонымен бірге, халық қалаулыларының келісімі нәтижесінде қабылданып отыр. Сондықтан, облыс тұрғындарын Түркістан қаласы мен кеңейген Кентауды көркейтуге бірге атсалысуға шақырамын», - деді Жансейіт Түймебаев. 

null null