Түркістандағы Әкімшілік-іскерлік орталығында 89 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласының Әкімшілік-іскерлік орталығында 89 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Жандос Тасов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістандағы Әкімшілік-іскерлік орталығында 89 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде

Бөлім басшысының сөзінше, жаңадан салынып жатқан баспаналар 7, 9 және 12 қабатты. Бүгінгі күнге дейін 7 қабатты 7 тұрғын үйінің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, үйлер «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы берілген. Және 7 қабатты 24 тұрғын үйдің аумағына газ, электр, су және кәрізбен жабдықтау мен тұрғын үй аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, индустриалды аймақты 310 га кеңейтуге әзірленген 2 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жалғасуда. Өндірістік алаң көлемі ұлғайып, нәтижесінде кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосып, жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді. Жандос Тасов сондай-ақ, «Тұңғыш Президент саябағы», «Желілік саябақ» және қалалық «Дендросаябақ» нысандарының құрылысы келер жылы аяқталатыны жоспарланып отырғандығын айтты.