Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» музейінде ерекше көрме ашылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде ерекше көрме ашылды.
None
None

Музейге қарасты Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің «Кітапхана» бөлмесінде «Тұлпар сұлу көрінер әбзелімен» көрмесі қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Аталмыш көрмеге еліміздің он төрт облысынан және Алматы мен Астана қалаларынан Халықаралық «Ясауитану» байқауына қатысушы оқушылар мен ұстаздар, қала тұрғындары мен қонақтар және музей қызметкерлері қатысты.

Өткенді ескермей ертеңнің жоқтығын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында баса айтқан Елбасының сөзін басшылыққа алған көрме ұйымдастырушылары музей қорында сақталған халқымыздың бай тарихы жайлы баяндайтын, көздің жауын алатын жәдігерлерді көпшілік қауымға таныстырды. Бай мұраны  кеңінен насихаттауды мақсат тұтты. Экспозицияға қойылған ат әбзелдері туристер мен келушілер назарына тұңғыш рет ұсынылды. Бабаларымыздың тұрмысынан сыр шертетін көне бұйымдар арасында қорымдарынан табылған заттар да бар. Ат әбзелдерінің сан түрі қола мен сүйектен жасалғаны қазақ халқының сол тұстағы тұрмысы жылқы малымен байланысып жатқанын көрсетеді. Археологиялық бірегей бұйымдар қалпына келтірілмей, көрмеге сол күйі қойылған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум