Түркістандағы бұзылатын нысандардың иелеріне 399 миллион теңге төленді

ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат - Түркістанда 168 нысанды бұзу жоспарланған. Олардың қатарында 154 тұрғын үй мен 14 коммерциялық нысан бар. Бүгінгі таңда 96 үй иесі өз баспаналарын босатуға келісіп, 35 тұрғынға 399 миллион теңге көлемінде өтемақы төленді. Бұл туралы Түркістан облыстық Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кезекті отырысыда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Кеңестің кезекті отырысында Түркістан қаласының құрылысы жобасының таныстырылымы мен Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасындағы жерді алу жағдайы талқыланды. Қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілдері және «Астана-Генплан» ЖШС сәулетшілері шаһарда салынатын жаңа нысандардың жобасымен таныстырып өтті. Жаңа әкімшілік орталық пен тұрғын үй аудандары, сауда, ойын-сауық және спорт ғимараттары, мәдени-сауық және демалыс орындары орналасатын жерлерді көрсетті.

Кәсіпкерлер бірінші кезекте қызықтырған сұрақтарын қойып,оларға мардымды жауаптарын қойды. Сонымен бірге, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері жағдайды бақылап отыратындығын және әкімдікпен бірлесе күнделікті осы мәселені шешетіндіктерін айтып өтті. Күн тәртібіндегі екінші мәселе мемлекеттік қажеттілігі үшін Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасындағы жер учаскелерін сатып алу жұмыстарының барысы болды. Бұл мәселені қала әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев айтып берді.

Оның сөзінше бас жоспарға сәйкес, мавзолейге жақын жерде рухани-мәдени орталық пайда болады. Аумағы 98 гектарды құрайтын жерлерге 8 нысан бой көтереді. Соның ішінде келушілер орталығы, Яссауи мұражайы және түркі әлемінің мұражайы салынбақ. Палатаның өкілдері, өз кезегінде, кәсіпкерлерге сот ісін жүргізу кезінде кеңес беру мен көмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар