Түркістандағы лифттегі жағдай: Әйелдің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістанда лифті шахтасына құлап, мерт болған болған кейуананың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары да жүріп жатыр.
«Аталған жағдай Түркістан қалалық полиция басқармасына ҚР ҚК-нің 278-бабы 2-бөлігі «Абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер» бойынша тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады»-делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, бүгін таңертең Түркістанда 74 жастағы әйел лифт шахтасына құлап, мерт болғанын жазған болатынбыз.