Түркістандағы мақта зауытында ірі өрт болды

АСТАНА. Қарашаның 16-сы. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласындағы «Road-Text LTD» ЖШС-ға тиесілі мақта зауытында ірі өрт болды,

Түркістандағы мақта зауытында ірі өрт болды

 деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Өткен жексенбі күні зауыттың ашық алаңында мақта шикізатының екі теңі (14х14 көлемді) жанып, дайын өнім сақталатын қойма (12х35 метр көлемде) мен ангарда (25х80 метр) өрт шықты.

Тілсіз жау салдарынан 350 тонна мақта шикізаты, 250 тонна мақта талшығы, 79 тонна мақталы мамық, 38 тонна мақталы улюк зақымдалды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.