Түркістандағы өзбек этно-мәдени бірлестігі мақтаралдықтарға 10 млн теңгенің көмегін жіберді

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Мақтаралдағы төтенше жағдай қазақстандықтардың татулығы мен бірлігін, қиын қыстау кезеңде бір қолдың саласындай біріге алатындығын тағы бір дәлелдеді. Өңірдегі белгілі кәсіпкер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Бахадыр Ирисметов басқаратын Түркістан қалалық өзбек этно-мәдени бірлестігі мақтаралдықтарға 9 млн 862 мың теңгенің көмек керуенін жөнелтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Гуманитарлық көмектің ішінде азық-түліктер мен киім-кешектер, тұрмысқа қажетті гигиеналық заттар мен жиһаздар бар. Аталған қоғамдық бірлестік Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жариялана салысымен жедел штаб құрып, эвакуацияланған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету үшін керек-жарақтың бәрін күнделікті жинай бастаған.

«Осындай қиын сәтте барша халық Мақтаарал тұрғындарымен бірге екендіктерін көрсетіп, қолдан келген жәрдемін беріп жатыр. Түркістан қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері де күн-түн демей осындағы халықтың тез еңсе тіктеуіне тілеулес болуда. Қазір эвакуациялық орталықтарда орналасқан азаматтардың сұранысы азық-түлік емес киім-кешек, көрпе-төсек пен гигиеналық заттар. Осы жайтты ескеріп, біз нағыз қажетті заттарды әкелуді жөн көрдік. Біз жеңбейтін қиындық жоқ»,- дейді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Бахадыр Ирисметов.

Түркістандық этно-мәдени бірлестік жөнелткен көмек керуеніндегі жүк бүгін облыстық штаб қоймасына түсірілді. Жұрт аманатын аман-есен жеткізіп берген бірлестік жетекшілері мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасатынын айтады.


Соңғы жаңалықтар