Түркістандағы «Жұмыспен қамту орталығы» жаңа тәртіпте қызмет көрсетпек

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласындағы «Жұмыспен қамту орталығы» ашық үлгіде қызмет көрсетуге көшті. «Ашық әкімдік» жүйесі аясында мекемеге заманауи үлгідегі бейнебақылау жүйесі орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістандағы «Жұмыспен қамту орталығы» жаңа тәртіпте қызмет көрсетпек

109 - Бірыңғай байланыс орталығында орналасқан жаңа жүйенің артықшылықтарымен танысып, бұл жаңашылдықтар орталық жұмысында жемқорлық қылмыстарын болдырмауға тікелей ықпал етеді.

Орталықтың қабылдау бөліміне дауыс жазу құралымен қойылған 18 бейнекамера мен сигналды құрылғы, 3 камераның ашықтық қағидатын қалыптастырудағы мүмкіншіліктерін ортаға салды.

Орталыққа келушілер қатарын санау мен бір жерде көп шоғырланған адамдарды іздеу, ұмытылған заттарды табу аналитикасы мен кезек және саботаж детекторы, сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс тиімділігін санау сараптамалары қарастырылған. Өз кезегінде аталған жүйенің мәліметтері Түркістан қаласы 109 - Бірыңғай байланыс орталығының арнайы жасалған телеграм-бот қосымшасына хабарлама арқылы келіп түсіп, келген мәліметтер орталық сарапшылар тарапынан тұрақты негізде қадағаланып отырады.

Сондай-ақ, заманауи бейнебақылау жүйесі арқылы қызмет алушы мен қызмет көрсетушінің арасындағы сұқбат онлайн режимде www.turkistan2020.kz сайтында жүргізілетін болады.