Түркістандық әйел 24 жыл бойы төлқұжатсыз жүрген

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы Созақ аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметіне орта жастағы азаматша жеке басын құжаттандыруға өтініш білдірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Ведомствоның мәліметінше, ол 1998 жылы отбасылық жағдайына байланысты Өзбекстан Республикасынан Қазақстанға көшіп келген. Содан бері 24 жыл бойына құжатсыз жүрген.

«Өтінішті алысымен көші-қон полицейлері бірден тіркеп, шұғыл түрде Шахноза Мадаминованың құжаттарын рәсімдеді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары әйелдің жеке басын анықтайтын төлқұжатын заңға сәйкес жасап берді», - деп жазды аймақтағы полиция басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар