Түркістандық дәрігерлер науқасқа бірден екі ота жасады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында бір науқасқа бірден екі ота жасалды. Ерекше операция облыстық клиникалық аурухананың базасында жасалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістандық дәрігерлер науқасқа бірден екі ота жасады

Облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, дәрігерлер науқастың қолқа аневризмасын протезбен алмастырған. Қолқа – жүректен шығатын ірі қан тамыры. Оның жарылуы сирек кездесетіндіктен, өте қауіпті жағдай саналады.

Ал, екіншісі ота бүйрек ісігіне жасалған. Ота төрт сағатқа созылып, оған алты дәрігер қатысқан. Сала мамандары ауыр отаны сәтті жасап шыққан.

жағдайы өте ауыр болған 66 жастағы науқастың қазір қалыпты деп бағалауда. Дәрігерлердің айтуынша, жүрек аневризмасы көбіне симптомсыз өтеді. Сондықтан қауіпті дерттердің қатарына жатқызылады.

Ал, мұндай диагноз әлемдегі 65-тен 75 жасқа дейінгі адамдардың 2 пайызында кездеседі екен. Айта кетейік, облыстық клиникалық ауруханасының мамандары күнделікті тікелей медицина ұйымдарына телеконференция арқылы консультациялық-емдік көмек көрсетуді жүзеге асыруда.