Түркістандық депутаттар Тұңғыш Президенттің денсаулығына алаңдаушылық білдірді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығына алаңдаушылық білдірді. Оңтүстік өңірінің депутаттары атынан хат жазған мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев елі үшін туған азаматтың тезірек суығып кетуіне тілектестік білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістандық депутаттар  Тұңғыш Президенттің денсаулығына алаңдаушылық білдірді

«Біз Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың коронавирус індетін жұқтырғаны жайлы жағымсыз хабарды аса уайыммен қабылдадық. Әлемді жаулаған індет Елбасын да айналып өтпеді. Ел үшін туған азаматтың денсаулығына елдің алаңдап жатқаны анық. Әсіресе киелі Түркістан өңірінің жұртшылығы Елбасының Түркістанды ыстық ықыласпен ерекше мейіріммен қарайтындығын жақсы сезінеді. Осындай қиын сәтте Ұлт көшбасшысына қолдау білдіріп, зор денсаулық тілегіміз келеді. Еліміздің бүгінгі күнін қалыптастырып, келешегі үшін тынымсыз тер төгіп келген Елбасыға Алла шипасын берсін. Тезірек аяққа тұрып, әлі де еліміздің өркендеп, дамуына көп еңбек етеді деп сенейік. Қазақта айтады ғой «ауырып тұрдым, аунап тұрдым» деп, сол айтпақшы ертерек жазылып, сауығып кетуіне тілектеспіз» делінген хатта.