Түркістандық этномәдени бірлестік өкілдері барша қазақстандықтарға челлендж жолдады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістанда Алғыс айту күніне арналған онкүндік басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістандық этномәдени бірлестік өкілдері барша қазақстандықтарға челлендж жолдады

Мерекелік іс-шаралармен айшықталатын әр күн адамдарды ынтымақ пен бірлікке, татулыққа шақырады.

Онкүндіктің ашылу салтанаты этнос өкілдерінің мерекелік шеруімен басталды. Қ.А.Ясауи кесенесінен, «Керуен сарай» көпфункционалды туристік кешеніне барған этномәдени бірлестік өкілдері жұртшылықты Алғыс айту күнімен құттықтап, барша қазақстандықтарға челлендж жолдады.

Жиында қалалық славян этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Ирина Чеганова мұндай шара елді бірлікке үндейтінін айтты.

«Алғыс айту күні – бір-бірімізге деген құрметіміз бен сыйластығымызды арттыратын мейрам. Тарих тоғыстырған, тағдыр табыстырған барша этнос өкілдерінің берік бірлігі мен тату тірлігі Қазақстанның басты жетістігі. Бүгін мерекенің мән-маңызын арттыратын осындай игі шараға куә болдық. Бұл - біздің бірлігімізді нығайтады», – деді ол.

Шараға қатысушылар қазақ еліне алғыс білдіру мақсатында бір шаңырақ астына жиналып, елдегі ынтымақ пен бірліктің үлгісін көрсетті.