Түркістандық ғалымдар Елбасы мақаласын ерекше форматта талдады
Жиында оқытушылар мен студенттер тарихи жәдігерлерді аралап жүріп, пікір алмасты. Университет доценті Ляззат Динашева Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған дүниелер осы музейде бар екеніне тоқталып, келушілерді тарихи жәдігерлермен таныстырды. Мәселен, Ұлы даланың ұлы есімдері, тұтас Түркі әлемінің ғұламасы - Ясауи бабамыз туралы құнды мәліметтер көпшілікті қызықтыратыны сөзсіз.
Университет оқытушылары Елбасының Түркістан қаласын Түркі әлемінің генезисі ретінде дамытып, оның халықаралық аренадағы беделін жүйелі түрде көтеру бағытындағы ойлары киелі шаһарға тың серпін беретінін айтты. Ал, «Архив-2025» бағдарламасы негізінде университеттегі зерттеу жұмыстары одан сайын жандана түспек.
Мақаладағы келелі мәселелерді жеке-жеке талдаған қатысушылар Елбасының бұл құнды дүниесі Түркістан облысы мен Түркістан қаласын дамытатынын, ондағы бастамалар ғылым мен мәдениеттің дамуына үлкен серпін беретінін жеткізді. Алдағы уақытта осы іргелі оқу ордасында ғылыми зерттеулер мен қазақ өркениетін танытатын үлкен жобалар қолға алынады деген жоспар бар.