Түркістандық іскер әйелдер мұқтаж жандарға азық-түлік таратты
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістандық іскер әйелдер BizBirgemiz акциясына өз үлестерін қосып, мұқтаж жандарға азық-түлік таратты. Қауымдастықтың белсенді мүшелері 25 аз қамтылған және көпбалалы, мүкіндігі шектеулі отбасылар мен жалғызбасты аналарға медициналық маскалар, азық-түлік себеттерін үлестірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Нәзік жандылар Түркістан қаласы мен Отырар ауданы, Құмтүйін елді мекені тұрғындарының шарапатына бөленді. Қауымдастық мүшелерімен қолға алынған игілікті іске ерікті жастар да қолғабыс етті. Сауапты іске атсалысу - әрбір азаматтың парызы деп санайтын түркістандық қыз-келіншектер өзге де кәсіпкерлерді қайырымдылыққа атсалысып, қиын-қыстау сәтте қиналған жандарға қол ұшын беруге шақырды.

Айта кетейік, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Елбасы – Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен республика көлемінде #BizBirgemiz акциясы бастау алғаны белгілі. Бұл ретте Nur Otan партиясы халыққа қажетті бетперделер, санитайзер, сабын мен қолға арналған антисептиктері бар жиынтықтарды үлестіруді бастап кетті. Аталған акция Түркістан облысында қызу қарқында жүзеге асырылып жатыр.

