Түркістандық кәсіпкер аудан ауруханасына оттегі аппараттарын сыйлады

ҚАЗЫҒҰРТ. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Қазығұрт ауданында жеке кәсіпкер ауруханаға оттегі концентраторларын сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістандық кәсіпкер аудан ауруханасына оттегі аппараттарын сыйлады

Облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінен мәлім еткендей, жергілікті кәсіпкер Ерлан Досанбаев аудандық орталық ауруханаға 5 дана оттегі концентраторын тарту етті.

«Індеттің таралуына байланысты елдегі ахуал күрделеніп отыр. Науқастар ауруханаға көп келуде. Дәрігерлер күні-түні аянбай еңбек етіп жатыр. Құрылғының мүмкіндігі зор. Енді дәрігерлер емделушілерге оттегі концентраторының көмегімен уақытылы жәрдем көрсете алады», – деген аудандық аурухананың бас дәрігері Б.Ережепов қол ұшын созып жатқан кәсіпкерге ризашылық білдірді.