Түркістандық өз үйін өртеп жіберді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Әйелімен жанжалдасып қалған Түркістан облысының тұрғыны өз үйін өртеп жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістандық өз үйін  өртеп жіберді

Бәйдібек аудандық полиция департаментіне арызданған жергілікті тұрғын, өзінің 4 бөлмелі үйін күйеуінің қасақана өртеп жібергенін жеткізген.

Үй ішінде тұрмыстық заттармен қоса, алтын бұйымдар мен бағалы заттар болыпты. Оқиға салдарынан жәбірленуші 3 млн теңге шығынға батты.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері тергеп жатыр.
«Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылардың арасында келіспеушілік туындаған. Содан түсініспеушіліктің арты дауға ұласып, ашуға бой алдырған азамат мас халде үйге өрт қойған. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде»,-дейді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.