Түркістандық полицейлер балаларға тосын сый жасады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласындағы «Жеңіс» саябағына келген балаларға тәртіп сақшылары тосын сый ұйымдастырып, сыйлықтар табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ата-аналарымен бірге серуен құрып жүрген бүлдіршіндерді сахнаға шақырған полиция қызметкерлері түрлі қызықты ойындар ұйымдастырды. Балалармен бірге асфальтқа сурет салып, қаланың әсем келбетін бейнеледі. Сондай-ақ, жедел қимылдайтын арнайы жасақ жауынгерлік дағдыларды көрсетті.

Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Б. Сапар балаларды мерекемен құттықтап, арнайы сыйлықтарды табыстады.

Полицейлермен бірге көңіл көтерген балалар суретке түсіп, концерттік бағдарламаны тамашалады.

Іс-шарада Мансұр есімді бүлдіршін тәтті қылығымен көпшілікті тәнтті етті. Болашақта полицей болғысы келетінін айтқан ол тәртіп сақшылары сыйлаған допқа қолтаңба сұрап, көпшілікті сүйсіндірді.

Ал, Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Т. Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге самокат, скейтборд сыйлады.


Соңғы жаңалықтар