Түркістандық шенеуніктер түрмедегі тәртіппен танысты
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістандық шенеуніктер темір тордың арғы жағындағы тәртіппен танысты. Шараны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Қылмыстық атқару жүйесі Комитетінің облыстық департаменті ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған шара оңай олжаға құныққан азаматтардың тар қапастағы тыныс-тіршілігімен таныстыру арқылы мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы берік иммунитетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Оған Арыс, Кентау, Сайрам, Отырар, Түлкібас және Шардара аудандары әкімдерінің орынбасарлары, аппарат және дербес бөлім басшылары, ауыл әкімдері қатысты. 180-ге жуық лауазымды шенді Төлеби


Айта кетсек, Түркістан өңіріндегі бұл жұмыстар жыл соңына дейін жүйелі түрде жүргізілетін болады. Келесі таныстыру жұмыстарына облыстық басқарма басшылары, аудан-қала әкімдері, бас дәрігерлер мен мемлекеттік мекеме басшылары қатысады деп жоспарланып отыр.




