Түркістандық жолаушы көлікте қолдан жасалған қосауыз мылтық алып жүрген
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістандық жолаушы көлікте қолдан жасалған қосауыз мылтық алып жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тәртіп сақшылары қауіпсіздік белбеуін тақпаған жүргізушіні байқап, «Skoda Superb» маркалы көлікті тоқтатқан.
Құжаттарын тексеру барысында көліктің ішінен қаруды байқапты. Содан оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы шақыртылған.
«Жүргізушіден жауап алу барысында қару қасындағы жолаушыға тиесілі екені анықталды. Ал, күдікті қаруды тауып алғанын жеткізді. Куәлардың қатысуымен тәркіленген қару, қосауызды 16 калибрлі қолдан жасалып, нөмірі өшірілген шолақ мылтық болып шықты. Айғақ ретінде алынған қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды»,-делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Аталған жайт ҚР ҚК 287-бабы бойынша тіркелген. Бүгінгі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.


