Түркістандықтар аптап ыстықта жолда жұмыртқа қуырды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістандағы қатты ыстықтан жолда жұмыртқа пісіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік желіде асфальт үстіне жұмыртқа қуырып жүрген жігіттің видеосы тарады. Онда тұрғын трассаға табаны қойып, ішіне май құяды.
«Күн 44 градус ыстық. Табаны 10 минут қыздырып алайық», - деген ол шыжғырылған майға жұмыртқа салып, қуырып көрсетеді.
Шынында да Түркістан облысында соңғы аптада аптап ыстық болды . Тіпті өңірдің кей аймақтарында күн райын өлшегіш құрылғылар 59 градусты көрсетті. Батыс Қытай-Батыс Еуропа автобанының бетоны күннің ыстығынан тағы да көтеріліп кетті .
Ал, синоптиктер Түркістан облысында ауа темперетурасы күн сайын төмендеп келе жатқандығын айтуда. Мәселен, ертеңге +39 градус болса, аптаның соңына қарай +37 болмақ.
«Тек шөлді аймақтарда +40 градус ыстық сақталады» - дейді мамандар.
Видеодан алынған кадр