Түркістандықтар ет асып, палау дайындаудан сайысты

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан төрінде бүгін ерекше байқау өтті. Облыстың барлық аудан-қалаларынан келген аспаздар ет асып, палау әзірлеуден өзара сайысқа түсті.

Түркістандықтар ет асып, палау дайындаудан сайысты

Олар ет асудың сан түрлі тәсілдерін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ал, палаудың самарқан, бұқара, ташкент және бөдене сияқты түрлерін дайындады. Бұдан бөлек қонақтар мен қала тұрғындары «Махаббат», «Достық», «Бірлік» секілді палаудың ерекше түрінен дәм татты. Қазыларға да жеңімпазды анықтау қиынға соқты. Дегенмен, кентаулық аспаздары ет асудан үздік деп танылса, сайрамдықтар палау басудан бірінші орын алды. Бұдан өзге әр ауданның қонақжайлығы мен киіз үй жабдықтары да сыналды.

Айта кетейік, бұл іс-шара тәуелсіздіктің және облыстық «Жанубий Қозоғистон» газетінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылды.

«Бұл жердегі бастапқы ойымыз, дайын аспазда