Түркістанның ежелгі сәулеті қалпына келтіріледі - Мәдениет министрі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістанның ежелгі сәулеттік келбеті қалпына келтіріледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде туристік саланы дамытуға арналған Үкімет сағатында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркістан бойынша ТОП-10 туристік карта нысандары аясында жұмыстар жүргізілуде. Елбасы айтып өткендей: «Түркістан ежелден бері біртұтастық функциясын жоғалтқан жоқ. Бұл түркітілдес елдерді біріктірудің негізі болып табылады». Осыған байланысты қаланы дамытудың сәулеттік тұжырымдамасы туристік мүдденің магниті болып табылатын Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасындағы Жібек жолы дәуірінің ежелгі ұлылығының түпнұсқалық бейнелерін қалпына келтіруге бағытталған», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, Түркістан Түркі әлемінің мәдени-рухани астанасы ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемде танымал еліміздің бренді болуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар
telegram