Түркістанның өңірлік табиғи паркіндегі бұқар бұғыларының саны 146 басқа жетті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістандағы Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркіндегі бұқар бұғыларының саны 146 басқа жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Айта кетейік, 2000 жылы «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Түркістан филиалында Сырдария өзенінің бойындағы тоғай орманынан 2 гектар жер учаскесіне қоршау орнатылып, бұқар бұғыларының тұқымбағы ұйымдастырылған болатын. Сол кезде Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойына келген Мемлекет басшысы осы өңірдің тоғай, орманын мекендеген жануарларды көбейтіп, келешек ұрпаққа сақтап қалу мақсатында 8 бас бұқар бұғысын сыйға тартқан еді. Осылайша, жерсіндірілген бұғылардың саны 17 жылда 138 басқа артып, 146-ға жетті. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мамандарының хабарлауынша, жануарлардың жылдық өсімі 6-8 бас аралығында болса, соңғы үш жылда аналық бұғылар жылына 11-16 бас аралығында төлдеген.
null 

Айта өтейік, бұқар бұғыларының өмір сүру ұзақтығы 15-20 жыл. Жануар түрі қазіргі таңда Қазақстанның және халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітаптарына еніп, қорғауға алынған. Оның биологиялық ерекшеліктері - аналықтарында мүйіз болмайды. Аталықтарында бес бұтақты мүйіз болады. Мүйізі жылма жыл түсіп, ауысып отырады. Мамыр-маусым айларында төлдейді.

null 

Соңғы жаңалықтар