Түркітілдес елдердің үздік әртістері Астанадағы концертте өнер көрсетті

None
None
АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат - Түркітілдес елдердің үздік орындаушылары Астана қаласындағы қала күніне орайластырылған «Астана - жастардың жыр мекені!» атты гала-концертте өнер көрсетті. Ол «Қазақ елі» монументінің жанында өтті.

Кештің арнайы қонақтары: Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева, кеңестік және ресейлік әнші, РКФСР-ның халық әртісі Ринат Ибрагимов, Өзбекстанның Халық әртісі Мансұр Ташматов және «Еуровидение-2011» жеңімпазы Эльдар Қасымов. Олармен қоса Әлішер Кәрімов, Димаш Құдайберген, Севара Назархан, Стас Пьеха сияқты жас әншілер ән шырқады.

Өздерінің репертуарындағы әндерден басқа әртістер Астанаға арналған әндерді орындады. Сондай-ақ астанаға музыкалық сәлемдеме ретінде қазақ халық аспаптарында өнер көрсетілді. Бұдан басқа, концерт кезінде ұйымдастырушылар нағыз сұлулық шеруін көрсетті. «Түркі елдерінің сұлулары» атты арнайы жобаның аясында Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан елдерінің жас талантты дизайнерлерінің жұмыстары көрсетілді.

Көрсетілім мерекелік отшашумен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар
telegram