Түркия халқы республиканың 100 жылдығын атап өтіп жатыр
29-шы қазанды түрік халқы ерекше ықыласпен күтті. Бұл күн түрік халқы үшін ерекше мереке. Бүгін мерейтойлық дата ерекше қуанышты жағдайда өтіп жатыр. Сонымен қатар түрік халқы елінің 100 жылдық тарихын да еске алуда, деп хабарлайды Kazinform.
Жыл сайын түріктер 29-қазанды ең басты ұлттық мерекесі – Республика күнін атап өтеді. Осы күні, яғни 1923 жылы Түркия республика болып жарияланды.
1923 жылдың 29 қазаны күні Мұстафа Кемаль Ататүрік Түркияны республика деп жариялады. Осыдан кейін Түркияның Ұлы Ұлттық Жиынында (Түркия парламенті) дауыс беріліп, Ататүрік Түркия Республикасының тұңғыш президенті болып жарияланды.

Республика күніне арналған алғашқы салтанатты шара Түркия Республика болып жарияланғаннан кейін бір жылдан соң-ақ өтті. Аталған мерекеге ресми мәртебе 1925 жылы беріліп, сол кезден бастап, мереке ұлттық деңгейде аталып өтіп келеді.
Тарихтың жаңа парағын ашып, Түркия Республика болып жарияланғаннан бері 100 жыл өтті. «Тәуелсіздік еш күмәнсіз халыққа тиесілі» деген ұран мемлекеттік басқару ісінде ерекше орын алды.

Бүгін Түркияның 100 жылдығына орай Режеп Тайип Ердоған бастаған мемлекеттік қызметшілер Аныткабирге барып, Ататүрік мавзолейіне гүл қойды.
Ұлттық мереке ел халқын біріктіреді. Іс-шарада сонымен қатар елдің басты оппозициялық күштерінің бірі «Республикалық халық партиясының» көшбасшысы Кемаль Кылычдароглу да қатысты.

Осылармен қатар Президент кешенінде мереке аясында «Республиканың 100 жылдығына 100 сурет» майлы кенеп көрмесінің ашылуы өтті.
Атаулы датаға орай Президент әкімшілігінің байланыс жөніндегі басқармасы бірқатар көлемді іс-шара дайындаған. Осы іс-шаралар аясында Түркия астанасында елдің 100 жылдығын танытатын цифрлық көрмелер, жарық және үш деңгейлі шоу ұйымдастырылды.

