10:32, 03 Қараша 2017 | GMT +5
Түркия 2020 жылы байланыс спутнигін шығарады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия Türksat 6A байланыс спутнигін 2020 жылға қарай жасап шығарады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.
Türksat бас директорының орынбасары Хасан Хусейин Эрток егер жобаны шетелдік компания жүзеге асырғанда, қосымша 200 миллион доллар қажет болуы мүмкін екендігін тілге тиек етіп, спутникті ұшыруға жұмсалатын бүкіл қаржыны Türksat компаниясы өз міндетіне алатынын мәлімдеді.
TÜBİTAK Қоғамдық зерттеулерді қолдау тобының үйлестірушісі Мустафа Айдың айтуынша, 2014 жылы қолға алынған Türksat 6A жобасын жүзеге асыру процесін тоғыз тәуелсіз бақылаушыдан тыс, Türksat және TÜBİTAK компанияларының сарапшылары да үнемі қадағалап отыр.
Türksat 6A жобасына 350 зерттеуші жұмылдырылып, 546 миллион түрік лирасы құйылған.
Массасы 4250 килограмм ғарышқа шығарылған соң Түркиядан тыс Еуропа мен Үндістанға да хабар таратады.