Түркия 7 елдегі, соның ішінде Қазақстандағы Елшісін ауыстырды

АНКАРА. Анадолы - ҚазАқпарат – Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған 7 елдегі, соның ішінде Қазақстан, Португалия, Ұлыбритания және Ирандағы Төтенше және өкілетті елшілерін ауыстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолыға сілтеме жасап.

Түркия 7 елдегі, соның ішінде Қазақстандағы Елшісін ауыстырды

«Президент Режеп Тайип Ердоған қол қойған құжаттың мәтіні бейсенбі күні үкіметтің ресми басылымы – Resmi Gazete-де жарияланды.

Шешімге сәйкес, Астанадағы елші Уфук Экиджи Түркияның Луандадағы дипломатиялық миссиясының басшысы болып тағайындалды.

Оның орнына Мустафа Капуджу тағайындалды. Ол бұған дейін құқықтық қызметтер жөніндегі басқарманың бас директоры лауазымын атқарды», - делінген Анадолы мәліметінде.

Фото: aa.com.tr