Түркия Африкадан мұнай мен газ іздейді
АСТАНА. KAZINFORM – Түркия Сомалиде мұнай және газ барлау жұмыстарын жүргізбек. Бұл Түркияның Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар мәлімдеді, деп хабарлайды Anadolu Ajansı ақпарат агенттігі.
Тиісті келісімге Түрік мұнай корпорациясы (TPAO) мен Сомали мұнай басқармасы қол қойған.
Ведомство басшысының айтуынша, келісімде көмірсутектерді құрлықта барлау қарастырылған. Түркия мен Сомали теңіз саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастырып отыр.
Anadolu Ajansı хабарлауынша, Түркияның «Oruç Reis» сейсмикалық зерттеу кемесі қазірдің өзінде Сомали жағалауына жеткен. Онымен бірге Zağanos Paşa қосалқы кемесінің екі фрегаты, Sancar платформалық тіреу кемесі және Ataman байқау кемесі, сондай-ақ әскери-теңіз қолбасшылығына қарасты екі фрегат еріп жүрді.
«Oruç Reis» кемесі әрқайсысы шамамен 5 мың шаршы шақырым аумақты қамтитын үш лицензиялық учаскеде сейсмикалық деректерді жинайды.
Осыған байланысты жұмыстар шамамен 7 айға созылмақ.