Түркия аквапаркінде тоқ соғып, хауыздағы 5 адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Сакарья провинциясында хауызда тоқ соғып, 5 адам қаза тапты.  Бұл туралы Ntv Haber-ға сілтемемен «Хабар 24» жазады.

Түркия аквапаркінде тоқ соғып, хауыздағы 5 адам көз жұмды

Бассейнде шомылып жүрген үш баланы тоқ соққан. Бұны көрген 58 жастағы аквапарк иесі мен оның 30 жастағы ұлы балаларды құтқару үшін суға секірген. Балалардың өміріне араша түспек болған екеуі де қаза тапты. Көз жұмған балалардың жасы 12, 15 және 17-де.

Полиция қызметкерлері оқиға орнында тексеріс жүргізіп жатыр.