Түркия әлемде теңдесі жоқ кереует ойлап тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия әлемде теңдесі жоқ кереует ойлап тапты, деп жазады ислам.кз.

 Түркия әлемде теңдесі жоқ кереует ойлап тапты

Жер тербеле бастағанда төсек автоматты түрде төбесінен жабылады. Темір қорапқа ұқсайтын кереуеттің ішінде біраз уақытқа дейін жететін азық-түлік, су, дәрі-дәрмек, газдан қорғайтын және өрт сөндіретін құрал бар.

Қораптың сырты өртенбейтін материалмен қапталған. Ішіндегі адамға ауа кіріп тұру үшін екі терезе қойылған. Кереуеттің өлшемі мен жасалған материалының сапасына байланысты бағасы 3 мың доллардан басталады.